logo

Шорт-тректен әлемдік турдың кезекті кезеңі басталды

Шорт-тректен әлемдік турдың кезекті кезеңі басталды

Дордрехтте (Нидерланды) шорт-тректен әлемдік турдың 4-кезеңі басталды.

Турнирдің алғашқы екі жарыс күнінде іріктеу бәсекелері өтеді.

Бүгін отандастарымыз ерлер арасында (1500, 500 метр) және әйелдер арасында 1000 метр, 3000 метрлік эстафета, сондай-ақ 2000 метрге аралас эстафетада сынға түседі. 

42 елден 258 атлет жиналған әлемдік додада ел намысын Денис Никиша, Абзал Ажғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева, Зейнеп Құмарқан және Малика Ермек қорғайды.