Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан құрамасы әлем кубогінде бақ сынады
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан ерлер құрамасы Швейцарияның Энгельберг қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Жүлделер екі жарыс күні бойы сарапқа салынды.
Алғашқы күні шешуші кезеңге Данил Васильев жолдама алып, турнирді 42-орынмен аяқтады.
Ал екінші жарыс күнінде Илья Мизерных іріктеу сынынан өтті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 22-орынға тұрақтады.