Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті (видео)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Сағындық бұл кезеңде Джек Марлимен (Ирландия) өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.