Райымбек Орынбай пенчак силаттан Азия чемпионы атанды

Райымбек Орынбай пенчак силаттан Азия чемпионы атанды

Вьетнамның Донгай қаласында пенчак силаттан X Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде жалпы саны 17 медаль жеңіп алды. Оның ішінде ақтөбелік Райымбек Орынбай ел қоржынына жалғыз алтын медальді салды. Сондай-ақ ұлттық құрама 4 күміс және 12 қола медаль иеленді.

Пенчак силат — Индонезиядан бастау алған және Малайзия, Бруней, Сингапур мен Таиландтың оңтүстігінде кеңінен таралған дәстүрлі жекпе-жек өнері.