Қазақстандық шаңғышылар әлем чемпионатының жарыс жолына шықты

Норвегияның Тронхейм қаласында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Жарыс аясында әйелдер спринті бойынша іріктеу кезеңі өтті. Бұл бағдарламада ұлттық құрама намысын Дярбя Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Ангелина Шурыга қорғады.
Спортшыларымызға іріктеу кезеңінен өту бұйырмады. Ряжко 45-орын, Степашкина 48-орын, Шурыга 58-орын, ал Шалыгина 66-орын алды.