Қазақстандық олимпиада чемпионы элиталық турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық Илья Мизерных Германияның Оберстдорф қаласында өткен шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогы кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
17 жастағы спортшы 122,6 ұпай жинап, 42-орынға ие болды. Жүлделі орындардың барлығын австриялық спортшылар иеленді: бірінші орынды Штефан Крафт (335,1 ұпай), екінші орынды Ян Хёрль (331,6 ұпай), ал үшінші орынды Даниэль Чофениг (323,6 ұпай) алды.
Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Илья Мизерных Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтын медаль жеңіп алған еді. Бұған дейін Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіру бойынша жасөспірімдер Олимпиадасында «алтын» алмаған болатын.