logo

Қазақстандық Италиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық Италиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.

Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті. 

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі. 2022 Бұған дейін Городко параллельді могулдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.