Қазақстандық дзюдошылар ашық Азия кубогына қатысады
11-12 шілде аралығында Тайбэй қаласында (Қытайлық Тайбэй) дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне 14 спортшы енді.
Ерлер
60 келіге дейін: Тоқтар Үміталиев, Асылхан Зейнуллин
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев
73 келіге дейін: Мади Жеткерген, Береке Рахматуллаұлы
81 келіге дейін: Мади Амангелді
100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев
100 келіден жоғары: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов
Әйелдер
48 келіге дейін: Аяна Дүйсенбай
52 келіге дейін: Айшабибі Мурадимова
63 келіге дейін: Ханзада Қайратова
78 келіден жоғары: Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.