Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
Абу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдо бойынша Grand Slam сериясының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Финалдық блокқа Қазақстан дзюдошыларының ешқайсысы өте алған жоқ.
Бүгін, 30 қарашада, Ермахан Ануарбеков (90 келі дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келі дейін), Марат Байқамұров (100 келі дейін) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жарыстың бастапқы кезеңдерінде жеңіліп қалды.
Осылайша, біздің құраманың еншісінде бір ғана медаль қалды. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге ие болды.