logo

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Серік 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде 13 алтын медаль бар.