logo

Қазақстандық боксшы Испанияда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Испанияда жекпе-жек өткізеді

Жартылай орта салмақта WBA Asia белбеуінің иегері, қазақстандық боксшы Руслан Мадиев Испанияда жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Sport+. 

6 маусым күні Руслан рингте мексикалық Хорхе Батальямен кездеседі. Батальяның кәсіби мансабында 11 жеңіс бар, оның 7-еуін нокаутпен аяқтаған.

Мадиев соңғы жекпе-жегін Таиландта өткізіп, төрешілердің шешімімен филиппиндік Али Канегуді жеңген болатын.



Күн шежіресі