Қазақстандық әйелдер Сербияда қанша табыс таба алады?

9 наурызда Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+.
Биылғы әлемдік жарыстың басты ерекшелігі – қаржылай сыйақыны тек жеңімпаздар (100 мың доллар), күміс жүлдегерлер (50 мың доллар) және қола жүлдегерлер (25 мың доллар) ғана емес, сондай-ақ 4-ші және 5-ші орын алған спортшылар да (10 мың доллар) алады.