Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы отандастарымыз Польша құрамасымен ойнады. Алғаш болып қарсыластар есеп ашқанымен, қазақстандық хоккейшілер жауап ретінде екі шайба соқты.
Екінші кезеңде екі команда да бір-бір шайбадан енгізді. Ал үшінші кезеңде біздің ойыншылар қарсыластың қақпасына жауапсыз жеті шайба соғып, матчты 10:2 есебімен ірі жеңіспен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екі ойынның екеуінде де жеңіске жетті. Бұған дейін олар Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын.
Келесі ойында Максим Худяков шәкірттері 21 сәуірде Украина құрамасына қарсы мұз айдынына шығады. Кездесу сағат 19:00–де басталады.