Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Испанияның Алькобендас қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» дисциплинасында бақ сынады.

Әмір Маймұратов 1/8 финалға дейін жетіп, 13-орынға тұрақтады. Дамир Тоқтаров та ширек финал жолдамасы үшін сынға түсуі керек болған, алайда жарыс жолына шыққан жоқ. Нәтижесінде ол 16-орынды иеленсе, Әлішер Мұрат 33-сатыдан көрінді.

Әйелдер арасында Тамара Улжабаева 22-нәтиже көрсетті. Анна Баларшина 27-орын алса, Арина Новицкая 36-орынға жайғасты.



Күн шежіресі