logo

Қазақстан семсерлесуден БАӘ-дегі жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңін екі медальмен аяқтады

Қазақстан семсерлесуден БАӘ-дегі жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңін екі медальмен аяқтады

Фуджейрада (БАӘ) рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы ірі жарыста екі медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасында София Актаева күміс жүлдеге ие болды.

Ерлер жарысында Тимофей Семёнов ел қоржынына қола медальді салды.



Күн шежіресі