Қазақстан құрамасы United Cup ширек финалына шықты (видео)

Пертте өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Грекияны жеңіп, өз тобында бірінші орын алып, жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Грекиямен болған кездесуде алғашқы жеңісті Александр Шевченко алып келді, ал кейін Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен жеңді.