logo

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Sport+.

Спортшылардың жаттығулары Түркістан қаласында өтуде. Жиын 25 қаңтарға дейін жалғасады және бұл кезең Азия чемпионатына дайындықтың бірінші сатысы болып табылады. Чемпионат биылғы көктемде Моңғолияда өтеді.

Хабарлануына қарағанда, 20 күн бойы еліміздің барлық аймақтарынан келген 50 боксшы физикалық және функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, жалпы күштік дайындықты күшейту, сондай-ақ алдағы жарыстарға қажетті жүктемені қалыптастыру бойынша жұмыс істейтін болады.

2026 жылғы Азия чемпионаты 28 наурыздан 11 сәуірге дейін Ұлан-Батор қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өтеді.



Күн шежіресі