Қазақстан Алматыдағы фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамын жариялады

28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы бақ сынайды.
Құрамға Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков, Денис Раструба енді.
Бапкерлер штабы: Елена Круглыхина, Геннадий Намереков, Дмитрий Рейхерд, Олег Цин және Константин Горлачев.