logo

Қазақстан әйелдер құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Грузиядағы Trialeti Trophy турнирінде өнер көрсетті

Қазақстан әйелдер құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Грузиядағы Trialeti Trophy турнирінде өнер көрсетті

Тбилисиде (Грузия) мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық Trialeti Trophy 2025 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарысқа Қазақстан әйелдер құрамасы қатысты. Ел намысын үш спортшы қорғады.

София Фарафонова екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 93.33 ұпай жинап, 23-орынға ие болды.

Амина Алексеева 78.24 ұпаймен 24-орынға, ал Русалина Шакрова 61.68 ұпаймен 25-орынға тұрақтады.

Грузия өкілі Анастасия Губанова жарыс жеңімпазы атанды (203.69 ұпай). Күміс жүлдені Израиль спортшысы Мария Сенюк (185.80), ал қола медальді Оңтүстік Кореядан барған Ли Хэ Ин (183.28) иеленді.



Күн шежіресі