Қасым-Жомарт Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен бокс кешінде жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Sport+.
«Мемлекет басшысы орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы белбеулерін сәтті қорғаған боксшы Жәнібек Әлімханұлын құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық отандастарымыздың туған жерінде ел намысын абыроймен қорғап, табандылық пен жоғары шеберлік көрсеткен спортшымен мақтанатынын атап өтті. Президент Жәнібекке жаңа жарқын жеңістер тіледі», — деп жазды Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) бесінші раундта франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO және IBF әлем чемпионы атақтарын қорғады.