«Қара бүркіттер» жеңісті жолға қайта орала ала ма? «Бешікташ» - «Генчлербірлігі» матчының трансляциясы
Түркия Суперлигасының 11-туры аясында Ыстамбұлдың «Бешікташ» клубы өз алаңында «Генчлербірлігіні» қабылдайды.
Алаң иелері он кездесуде 19 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Өткен турда «Бешікташ» «Қасымпашамен» 2:2 есебімен тең түссе, кейін Еуропа лигасында Шотландияның «Селтик» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен ыстамбұлдық команда биылғы маусымда ел чемпионатындағы өз алаңында өткізген бес кездесудің барлығында жеңіске жеткен.
Ал «Генчлербірлігі» 11 ұпаймен турнирлік кестенің 14-сатысында орналасқан. Өткен турда Анкара командасы «Аланьяспорды» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, ел чемпионатындағы жеті матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатты.
Екі команданың биылғы наурыз айында өткен соңғы кездесуінде «Бешікташ» сырт алаңда 2:0 есебімен басым түскен болатын. Енді Анкара клубы сол жеңілістің есесін қайтаруға тырысса, ыстамбұлдықтар турнирлік кестенің жоғарғы бөлігіндегі орнын нығайтуды көздейді.
Матч 8 қараша күні өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Тікелей трансляция сағат 22:55-те Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.