«Қайрат» УЕФА Жастар лигасында венгриялық клубты жеңді
Алматылық «Қайрат» УЕФА Жастар лигасының екінші кезеңіндегі алғашқы матчта Венгрияның МТК клубын жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Будапешт қаласында өткен кездесу қазақстандық команданың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
«Қайрат» сапында Данияр Ташполатов, Абылай Төлеухан және Райымбек Кеңесбеков гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.
Қарымта кездесу 4 қарашада Алматы қаласында өтеді.