logo

Қайрат Сәтжанов Ташкенбай мен Сабырханның жарақаттары туралы айтты

Қайрат Сәтжанов Ташкенбай мен Сабырханның жарақаттары туралы айтты

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Ташкенбай, Сабырхан және Тоғамбайдың жарақаттары туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.

«Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальға қол жеткізе алар еді. Бірақ 48 келі салмақта өнер көрсететін Санжар өзінің бірінші жекпе-жегінде саусағын шығарып алғанына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Жарысқа бір күн қалған кезде Махмұд Сабырхан тағамдық инфекцияға байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының жүрегі айнып, қызуы көтерілген. Нәтижесінде 3 наурызға дейін спортпен шұғылдануға болмайды деген анықтама берді», — деді бапкер. 

Одан бөлек, 92 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай дайындық барысында саусағын сындырып алған болатын. Сондықтан ол жарысқа қатыса алмады.