logo

Пакьяо оралды: Барриоспен жекпе-жек тең аяқталды (видео)

Пакьяо оралды: Барриоспен жекпе-жек тең аяқталды (видео)

46 жастағы боксшы Мэнни Пакьяо ұзақ үзілістен кейін рингке оралып, WBC чемпионы Марио Барриоспен кездесті, деп хабарлайды Sport+. 

Жекпе-жек көпшілік төрешілер шешімімен тең аяқталды — 114:114, 114:114 және 115:113 (Барриосқа).

Пакьяо алғашқы раундтарда басым болды, бірақ соңғы раундтарда Барриос белсенділік танытты. Көпшілік филиппиндік аңыздың жеңіске лайық болғанын айтуда. Екі боксшы да реванш өткізуге дайын.



Күн шежіресі