«Ордабасы» Гана құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды
Шымкенттік «Ордабасы» 27 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Давид Абагнаның трансферін жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіби мансабында Давид Абагна Гананың «Легон Ситиз», «Ашанти Голд», «Реал Тамале Юнайтед» клубтарында, Суданның «Аль-Хиляль», Молдованың «Петрокуб» және Кипрдің АПОЭЛ командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол Гана ұлттық құрамасы сапында жеті матч өткізген.
Давид Абагна — орталық жартылай қорғаушы. Сонымен қатар, ол шабуылға жақын позицияда да ойнай алады.