Он үш қазақстандық Каратэ Premier League турниріне қатысады

14 наурызда Қытайда Каратэ Premier League турнирінің екінші кезеңі басталады, бұл жарыс әлемдік рейтингтегі ең мықты спортшыларды жинайды.
Қазақстан атынан сайысқа он үш спортшы қатысады:
Қыздар:
Мөлдір Жаңбырбай (50 келі дейін)
Гүлмира Өсенова (55 келі)
Николь Ценгель, Әсел Қанай, Айжан Бақырова (барлығы — 61 келі дейін)
София Берульцева (68+ келі)
Ерлер:
Дархан Тімраліев (60 келі дейін)
Олжас Алтынбек, Әмірәлі Дидар, Қайсар Алпысбай (67 келі дейін)
Нұрқанат Әжіқанов (75 келі дейін)
Данияр Юлдашев (84 келі дейін)
Диас Анарбеков (84+ келі)
3-орын үшін жекпе-жектер мен финалдық кездесулерді 16 наурыз күні тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.