Омарханов пен Нұрланұлының матчтары Sport+ арнасында: тікелей эфир

Омарханов пен Нұрланұлының матчтары Sport+ арнасында: тікелей эфир

5 тамыз күні World Tennis Tour W15 және M15 турниріне қатысушылар жоспардан тыс демалыс алды. Себебі Астанада күні бойы толассыз жаңбыр жауды.

6 тамызда күн райы түзеліп, әлемнің 25 елінен келген теннисшілер кортқа шығып, өз шеберліктерін көрсетуге дайын.

Дәстүр бойынша Sport+ телеарнасы Орталық корттағы матчтарды тікелей эфирде көрсетеді. Ойын бағдарламасын Ерасыл Ерділда бастайды. Одан кейін Қазақстан теннисінің басты жас жұлдыздарының бірі, жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің үздік ондығына еніп отырған Заңғар Нұрланұлы және Әмір Омарханов кортқа шығады.

Заңғар Таиланд өкілі Павит Сорнлаксуппен кездессе, Әмір Үндістан теннисшісі Маан Кешерванимен күш сынасады.

Матчтарды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі