Олимпиада маусымына іріктеу: Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Елордада 11-15 қыркүйек аралығында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа ұлттық құрама көшбасшылары да қатыспақ, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің ең маңызды тұсы – оның іріктеу кезеңі ретінде өтуі. Бұл жарыстан кейін бапкерлер құрамы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама сарапқа салынатын бәсекелерде ел намысын қорғайтын құраманы анықтайды.
Айта кетейік, Олимпиада жолдамалары халықаралық турнирлердің нәтижесі бойынша үлестіріледі.