logo

Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Батырбеков ақтық сында оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен белдесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұған дейін Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) және Әлинұр Қуатұлы қола медаль алған еді.



Күн шежіресі