Нигерия Мозамбикке қарсы: 1/8 финалдағы шешуші матчының тікелей эфирі
Африка Ұлттар кубогының 1/8 финалындағы матчта Нигерия мен Мозамбик құрамалары кездеседі.
Бұл турнирде Нигерия ақыры өз футболын ойнап жүр — артқа жалтақтамай, шабуылға басымдық беріп. Лукман, Осимхен және Ивоби алғы шепте қарсыластардың қорғанысын бұзып, «суперқырандар» матчтарды таза класс пен жоғары қарқынның арқасында ұтып жүр, тіпті қорғаныс мәселесіне аса мән бермейді.
Мозамбик қиын топтан шығып, өз мүмкіндігінен асып түсті, бірақ енді мүлде басқа деңгей басталады. Команда қорғана біледі және қарсы шабуылда қауіпті, алайда Нигерияның осындай тығыз әрі жылдам шабуылына қарсы бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Жеке шеберлік деңгейіндегі айырмашылық айқын байқалады.
Ойын тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі. Кездесу сағат 00:00–де басталады.