logo

Назым Қызайбай Астанадағы Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды

Назым Қызайбай Астанадағы Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды

2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Жапония өкілі Хикану Шинохарамен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым Қызайбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай жекпе-жексіз финалға шыққан болатын.