Ливерпульдегі әлем чемпионатының сегізінші күнінде алты қазақстандық спортшы жарысқа қатысады. Тікелей эфир

12 қыркүйекте Ливерпульде World Boxing бокстан әлем чемпионатының ширек және жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді.
Қазақстан құрамасынан алты боксшы — үшеуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда — жеңіс үшін таласады.
Күндіз Назым Қызайбай, Санжар Тәшкенбай және Виктория Графеева шаршы алаңға шығады. Виктория үшін бұл жекпе-жек — жартылай финал. Егер ол бразилиялық Ребека де Лима Сантосты жеңсе, финалда чемпиондық атақ үшін күреседі.
Кешкі сессияда да үш жартылай финал күтіп тұр. Финал жолдамасы үшін Аида Әбікенова, Елдана Талипова және Айбек Оралбай жұдырықтасады.
Қазақстандық спортшылардың жекпе-жек кестесі:
Күндізгі сессия — 16:00:
16:00 — 48 келі, ¼ финал: Назым Қызайбай (Қазақстан) vs Ханна Охота (Украина)
17:15 — 50 келі, ¼ финал: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) vs Джадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
19:00 — 60 келі, ½ финал: Виктория Графеева (Қазақстан) vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
Кешкі сессия — 22:00:
22:30 — 65 келі, ½ финал: Аида Әбікенова (Қазақстан) vs Грейнн Мэри Уолш (Ирландия)
23:15 — +80 келі, ½ финал: Елдана Талипова (Қазақстан) vs Агата Качмарска (Польша)
01:15 — +90 келі, ½ финал: Айбек Оралбай (Қазақстан) vs Хулио Сесар Ла Крус Пераса (Куба)
Күндізгі және кешкі сессияны тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.