logo

Керлингтен Қазақстан құрамасы Азиадада алғашқы ойынын өткізді

Керлингтен Қазақстан құрамасы Азиадада алғашқы ойынын өткізді

2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғайды.

Біздің спортшылар топтық кезеңдегі алғашқы матчында Қытай құрамасымен кездесіп, сегіз эндтің қорытындысы бойынша 11:5 есебімен қарсыластарына жол берді.

Айта кетейік, Қазақстан B тобында өнер көрсетеді. Бұл топқа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай командалары кірген.