Кабирхан жеңіс жолына қайта оралуға тырысады. БАӘ-дегі ат жарысының тікелей эфирі

Мейдан ипподромындағы бәйге маусымы өз мәресіне жақындап келеді.
1 наурызда БАӘ-де ат жарыс әлеміндегі кезекті үлкен күн өтеді. Бұл күні үздік жүйріктер өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс үшін таласады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін Al Maktoum Classic Sponsored by Emirates Airline (Гр.1) ерекше қызықты болмақ, өйткені осы бәйгеде Кабирхан оралады.
Өткен жылы осы жарыста жеңіске жеткенімен, биылғы маусымда сәтсіздікке ұшыраған Кабирхан қайтадан жеңіс тұғырына оралуға ұмтылады.
Оның негізгі қарсыластары:
King Gold – Firebreak Stakes (Гр.3) жеңімпазы
Qareeb – Jebel Ali Mile (Гр.3) жеңімпазы
Imperial Emperor – Al Maktoum Challenge (Гр.1) жарысының күміс жүлдегері
Жалпы, бәйгеде 16 ат жарысқа түседі. Сонымен қатар, Қазақстан атынан тағы бір тұлпар – Olzhakhan, шабандоз Бахтияр Байзақов та бақ сынайды.
Бәйге басталуы: 18:30
Тікелей эфирді біздің сайттан көре аласыздар.