Илья Мизерных Қазақстан рекордын жаңартты

Илья Мизерных Қазақстан рекордын жаңартты

Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных трамплиннен секіруден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан рекордын жаңартты.

Австрияның Кульм қаласында өткен жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Илья Мизерных қатысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 219 метрге секіріп, елдің жаңа рекордын орнатты. 188,7 ұпай жинаған ол жалпы есепте 14-орынға тұрақтады. Жарысқа барлығы 54 спортшы қатысты.

Айта кетейік, 19 жастағы Илья жуырда Милан–Кортина Олимпиадасында үлкен трамплиннен секіру сайысында 8-орын алып, осы спорт түрінен Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені көрсеткен болатын. Ал 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтын медаль жеңіп алған еді.



Күн шежіресі