Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
1/8 финалда отандасымыз Канаданың өкілі Лейла Фернандесті 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Келесі кезеңде Рыбакина тағы бір канадалық спортшы Виктория Мбокомен кортқа шығады.