Екі қазақстандық спортшы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Косовода муайтайдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша қазақстандық екі спортшы қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport+.
Алена Ожередова мен Милана Кольченко чемпионатта үшінші орын алды.
Сонымен қатар ерлер құрамасының тағы алты өкілі жартылай финалдық жекпе-жектерге жолдама алды.