Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
Халықаралық дзюдо федерациясы Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өтініміне 20 спортшы енді.
Ұлдар
50 келіге дейін: Бекарыс Құдайберген, Әділжан Нұрбекен
55 келіге дейін: Бақдәулет Ізбасар
60 келіге дейін: Расулхан Ғабит, Ахмет Баубек
66 келіге дейін: Ерік Үсенов
73 келіге дейін: Бекәлі Еркен
81 келіге дейін: Әлижан Сайлаубеков
90 келіге дейін: Шыңғыс Қонысбек
90 келіден жоғары: Әділжан Жаудинов
Қыздар
40 келіге дейін: Жанел Айтбай, Адия Жанахмет
44 келіге дейін: Рамина Әбішева
48 келіге дейін: Иянат Жұбатқан, Зере Талғатқызы
52 келіге дейін: Фатима Сүпіғалиева
57 келіге дейін: Інжу Жұмажан, Еркеназ Сембек
63 келіге дейін: Азима Серік
70 келіден жоғары: Тоғжан Төлебай
Әлем чемпионаты 20–23 тамыз аралығында өтеді.