Данил Васильев трамплиннен шаңғымен секіруден Гран-приде күміс медаль жеңіп алды
 
                                            Қазақстандық Данил Васильев Польшадағы (Висла) трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Гран-при сериясының кезеңінде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Біздің спортшы жеке жарыстарда күміс медальді жеңіп алды.
Жеңісті Австриядан Никлас Бахлингер иеленді. Үшінші орынды Болгариядан Владимир Зографски алды.
 
    