Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Дана Уайт ұйымымен келісімшартқа қол қойды
Белгілі менеджер Дана Уайт құрған Zuffa Boxing промоутерлік компаниясы қатарына қосылған боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Компаниямен келісімшартқа қол қойғандар қатарында екі қазақстандық боксшы да бар — Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) және Иван Дычко (15-1, 14 КО).