ЦСКА «Астананың» көшбасшыларының біріне көз тікті
Елордалық «Астана» клубының және Беларусь ұлттық құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Макс Эбонг софиялық ЦСКА клубының қызығушылығына ілікті, деп хабарлайды Sport+.
Өткен маусымда Эбонг «Астана» сапында барлық турнирде 39 матч өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Жалпы алғанда, беларусьтік хавбек Қазақстан Премьер-лигасында 125 ойын өткізіп, 10 гол соғып, 21 голдық пас авторы атанды.