Бокс жұлдыздары Алматыда. Ali Akmedov Promotion турнирінің толық картасы жарияланды

5 қыркүйекте Алматыда өтетін Ali Akmedov Promotion аясындағы ірі бокс турнирінің толық картасы ұсынылды, деп хабарлайды Sport+.
Турнирде танымал боксшылар өнер көрсетеді: Али Ахмедов, рингке қайта оралатын Жанқош Тұраров, UBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін Балауса Мүздыман, «Жаңа Головкин» атанған Виктор Теміров, жуырда Сауд Арабиясында жұдырықтасқан Нұржан Серікбаев және басқа да спортшылар.
Турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.