Бивол Бетербиевтен реванш алып, абсолютті әлем чемпионы атанды

Сауд Арабиясында Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасында реванштық жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу толық дистанцияға созылып, көпшілік төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол жеңіске жетті.
Осылайша, Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.
Олардың алғашқы жекпе-жегі де төрешілердің шешімімен аяқталды, бірақ ол кезде жеңіс Бетербиевке бұйырған еді.