Биатлоннан Қазақстан чемпионатының алғашқы нәтижелері белгілі болды
Щучье қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде спринт бәсекелері өтіп, алғашқы жүлделер өз иелерін тапты.
Ерлер арасында Владислав Киреев жеңіске жетті. Александр Мухин екінші орын алса, Ержанат Қуандық үздік үштікті қорытындылады.
Әйелдер арасында Ольга Полторанина бірінші орын иеленді. Милана Генева күміс жүлдеге қол жеткізсе, Дарья Климина қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, ел чемпионатына Қазақстанның тоғыз өңірінен 100-ден астам спортшы қатысуда.