logo

Биатлоннан Олимпиадалық маусымда бақ сынайтын құрама анықталды

Биатлоннан Олимпиадалық маусымда бақ сынайтын құрама анықталды

Биатлоннан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін бекітті.

Маңызды халықаралық жарыста ел намысын Вадим Куралес, Ольга Полторанина, Айша Ракишева, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Милана Генева және Полина Егорова қорғайды.

Айта кетейік, Әлем кубогының бірінші кезеңі 29 қарашада Швецияның Эстерсунд қаласында басталады.