Жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев украиналық Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюри арасындағы алдағы реванш туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

Ресейлік боксшы Seconds Out YouTube арнасына берген сұхбатында бұл жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

«Біз жақсы жекпе-жекті көреміз деп ойлаймын. Бұл кездесуге кім жақсы дайындалса, сол жеңіске жетеді. Сол себепті кімнің дайындығы жоғары екенін көрейік», — деді Бетербиев.

Суперауыр салмақта WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Усик пен бұрынғы чемпион Тайсон Фьюридің реваншы 21 желтоқсанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Олардың алғашқы кездесуі 2024 жылдың мамырында өтіп, онда төрешілердің көпшілігінің шешімімен Усик жеңіске жеткен болатын.