Балауса Мұздыман елорда төрінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) сегіз раундтан тұратын толық дистанцияны өтіп, Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссен арасындағы андеркартта жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық боксшының қарсыласы — 27 жастағы Мария Тереза Пинили (7-2, 2 КО), ол алғаш рет Филиппиннен шет шығып, өнер көрсетті.
27 жастағы Мұздыман кәсіпқой бокстағы дебютін 2017 жылы АҚШ-та өткізді, бірақ толыққанды кәсіпқой боксқа 2023 жылы ауысқан. Әуесқой бокста оның басты жетістігі — 2015 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатының алтыны.