Азиада чемпионы Владислав Киреевті Астанада жанкүйерлері күтіп алды

Астана жұрты әуежайдан қысқы Азия ойындарында ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль салған биатлоншы Владислав Киреевті қарсы алды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform cайтына сілтеме жасай отырып.
Қытайдың Харбин қаласында өткен ІХ қысқы Азия ойындарында Владислав Киреев биатлоннан жекелей сында чемпион атанған еді. Сондай-ақ Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр сынды үш жерлесімен бірге қатысқан командалық сайыста күміс медаль жеңіп алған болатын.
Спортшы бүгін таңертең Ыстанбұлдан Астана әуежайына келіп қонды. Онда оны жанкүйерлері, бапкерлері және БАҚ өкілдері күтіп алды.
— Биатлоннан Азия ойындарында спринттік жарыстан алтын алдым, ал эстафеталық жарыста күміс бұйырды. Жарыс тартысты өтті. Кей сәттерде нысананы көздеуден мүлт кетіп жаттым. Сол үшін айып айналымы да берілді. Бірақ ол да алтынға деген ұмтылысымды тежей алған жоқ. Ақыры жеңіс тұғырынан көріне алдық, - дейді биатлоншы.
Сондай-ақ ол бүгін Швецарияда өткен әлем чемпионатынан келе жатқанын айтты.
— Қытайдан Еуропаға ұшып бару оңай тиген жоқ. Арада үлкен қашықтық жатыр, одан бөлек сағат белдеуі де қатты құбылады. Осының әсерінен Әлем біріншілігінде жақсы нәтиже көрсете алмадық, - деді биатлоншы.
Сөз соңында Владислав елге оралғанда мұнша көп адамның қарсы алып, құрмет көрсеткеніне ризашылығын білдірді.