Азиада-2026: Төрехан Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңіп, жартылай финалға өтті
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Али Касим Хамдам Әл-Сарраймен (Ирак) кездесті.
Төрехан Сабырхан алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.