Азиада-2026: боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті

Азиада-2026: боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында жапониялық Юна Нишинакамен кездесті.

Алғашқы раундта Алуа басымдық танытты. Жапониялық боксшы екінші кезеңде есепті теңестірді. Дегенмен жерлесіміз үшінші үшминуттықта 2:3 есебімен жеңісті суырып алды.  

Осылайша Алуа Балқыбекова кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.



Күн шежіресі